Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Айуандықпен адам өлтірген ер адам Жоғарғы сотқа шағымданды

Сұқбат
Айуандықпен адам өлтірген ер адам Жоғарғы сотқа шағымданды

Былтыр Алматыдағы саябақтың бірінде әйелді айуандықпен өлтіру ісі бойынша сотталған 62 жастағы азамат Жоғарғы сотқа шағымданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«А.Иманқұсовтың өтініші 2024 жылдың 22 ақпанында қаралып, қанағаттандырусыз қалдырылды. Бірінші сатыда іс алқабилердің қатысуымен өтті», - деп жауап берді Жоғарғы сот медианың сауалына.

Еске сала кетейік, былтыр сәуір айында Алматыда жантүршігерлік қылмыс болды. Шолохов көшесіндегі дүкенге белгісіз ер адам пакеткен салынған әйелдің басын тастап кеткен. Бетперде киген қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Кейін оны құқық қорғау органдары ұстады. Ол 61 жастағы ер адам болып шықты.

28 қыркүйекте Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оған үкім шықты. Іс алқабилер қатысуымен қаралды. Қатігездікпен адам өлтірді деп айыпталған 61 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы сотта кінәсін мойындамады.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу