Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Алақай» қуыршақ театрында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мюзикл сахналады

Қоғам
«Алақай» қуыршақ театрында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мюзикл сахналады
Фото: “Алақай" қуыршақ театры

«Алақай» қуыршақ театрында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Қасқыр мен жеті лақ» мюзиклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Музыкалық қойылымды облыс әкімі Асхат Шахаров тамашалап, инклюзивті мәдени жобалардың маңызын және ерекше балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар балалардың қабілеттерін ашуға және олардың қоғамға толыққанды араласуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ болашақта дарынды балаларға арналған инклюзивті орталық құру жоспарланып отырғаны айтылды.

Қойылымға аутизм, Даун синдромы, психикалық дамудың тежелуі, сөйлеу бұзылыстары мен басқа да ерекшеліктері бар 32 бала қатысты. Спектакль барысында жас әртістер ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, түрлі рөлдерді сомдады. Музыкалық және би нөмірлері қойылымның мазмұнын байытып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Қатысушылардың барлығы «ANASTACIA» инклюзивті музыкалық студиясында тұрақты түрде білім алады. Премьера педагогтер, ата-аналар мен балалардың бірлескен әрі ұзақ еңбегінің нәтижесі болды.

Іс-шара соңында аймақ басшысы ұжым мен жас әртістерге шығармашылық табыс тіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу