Амангелді Құрметұлы: Ресей-Украина соғысы жаңа кезеңге шықты

Украинаның Днепр қаласына қарай атылған ресейлік баллистикалық зымыран әлем елдерін әбігерге салды. Журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы Malim.kz сайтына берген сұқбатында осындай пікір айтты.

Бақытнұр Әлібай

  • 22.11.2024

"Стратегиялық қару-жарақты қолданудың бір күлкен қаупі - мұндай зымыран атылған кезде қарсыласыңыздың арнайы кешендері автоматты жұмыс істеуге әзір тұрады. Мысалы, Американың қорғаныс жүйесі және ядролық арсеналы мұндай зымыран атылған кезде бірден жоғары деңгейдегі соғыс хәліне көшеді.

Тіпті автоматикада тұр. Кезінде “Терминатор” деген фильмдерде зымырандар өздігінен атылып кетуші еді ғой. Сол сияқты элементтер бар бұларда. Сондықтан Украинадағы жағдай аймаққа, Еуразия кеңістігінде біршама қауіпті оқиғалардың алғышарты сияқты”- дейді Амангелді Құрметұлы.

Сарапшының пікірінше, зымыранның Қазақстан шекарасына жақын орналасқан “Капустин Яр” аумағынан атылуы жағдайды шиеленістіре түседі. Өйткені, Украина қарулы күштері үшін осы жердегі әскери нысандар келесі шабуыл нысанасына айналуы мүмкін. Егер олай бола қалса, Қазақстанның Ресеймен шекаралас өңірлеріне де әсер етуі ықтимал. Ал, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскерилерге дайындықты пысықтау туралы тапсырмасы осындай оқыс жайттарға сақадай сай болуды көздейтін қадам. 

Амангелді Құрметұлының Украинадағы жағдайға байланысты сұқбатының толық нұсқасы Malim-media YouTube арнасынан көруге болады.

Фото: Malim.kz

 

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз