Бұрынғы президент пара алды деген күдікке ілінді

Экс‑президенттің қызы мен күйеу баласына қатысты мемлекеттік айыптау әзірге кейінге қалдырылды

Malim Админ

  • 24.04.2025

Оңтүстік Кореяның жергілікті прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Мун Чжэ Инді пара алды деген күдікпен сотқа берді.


Yonhap агенттігінің хабарлауынша, 24 сәуір күні Чонджу қаласының аймақтық прокуратурасы Мун Чжэ Инді «Арнайы қылмыстарға қатаң жаза қолдану туралы» заңды (парақорлық бабы) бұзды деп айыптап, сотқа берді.

Сонымен бірге, прокуратура бұрынғы депутат, Eastar Jet әуе компаниясының негізін қалаушы Ли Сан Джикті пара беру және қызметтік тапсырмаға салғырт қарау күдігімен сотқа берді. Дегенмен экс‑президенттің қызы мен күйеу баласына қатысты мемлекеттік айыптау әзірге кейінге қалдырылды.

Тергеу дерегіне сәйкес, Ли Сан Джик Шағын және орта бизнес корпорациясының басқарма төрағасы болып тұрғанда, атап айтқанда, 2018  жылдың наурыз айында Мун Чжэ Иннің күйеу баласы Eastar Jet-тің Тайландтағы еншілес компаниясына басқарма мүшесі ретінде жұмысқа алынған. Прокуратура осы іс бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

Фото: Yonhap

Байланысты жаналықтар

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

21.04.2025

Салынып жатқан метро опырылды: бір адам табылмай жатыр

12.04.2025

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

04.04.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

27.03.2025

Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен 20-дан астам қаза болды

26.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

Былтыр елге 15,3 млн шетелдік қонақ келген

Салынып жатқан метро опырылды: бір адам табылмай жатыр

Оқиға Оңтүстік Кореяда болған

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқаннан кейін төрт ай өткен соң Конституциялық сот оның импичментін қолдап, мемлекет басшысын қызметінен түпкілікті шеттетті

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен 20-дан астам қаза болды