Грузия Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өтті деп таныды

Сайлаушылар алқасының жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан

Мәди Саматұлы

  • 14.12.2024

Грузиядағы президент сайлауы өтті деп танылды, өйткені 300 адамнан тұратын сайлаушылар алқасының жалпы санының жартысынан астамы дауыс беруге қатысты. ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Грузияның Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Натия Иоселиани брифингте мәлімдеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Сағат он бір жарымға дейін сайлаушылар алқасының 170 мүшесі дауыс беруге қатысты. Сәйкесінше, жалпы құрамның жартысынан астамы қатысқандықтан, сайлау өтті деп саналады, деді ол.

Иоселианидің айтуынша, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ге дейін жалғасады, содан кейін ОСК дауыстарды санауға кіріседі.

Айта кетейік, Грузияда сенбі күні алтыншы президент сайланып жатыр. Мемлекет басшысы алғаш рет тікелей дауыс беру арқылы емес, 300 сайлаушыдан тұратын алқа отырысында сайланып жатыр. Оған 150 грузиялық парламент депутаты кіреді. Президенттікке жалғыз кандидат – билеуші «Грузияның арманы – Демократиялық Грузия» партиясы ұсынған, бұрын футболшы, кейін парламент депутаты болған Михаил Кавелашвили.

Айта кетейік, бұған дейін Грузия президенті Саломе Зурабишвили бүгін өтетін президент сайлауын заңсыз деп санайтынын және бұл сайлау нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеген еді. 

Фото: Инна Кукуджанова/ТАСС

Байланысты жаналықтар

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

25.03.2025

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

24.03.2025
MalimBlocks
"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет​​​​​​​ Беларусь президенті қызметіне кірісті

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады