Молдова қай жолды таңдайды, Еуропа әлде Ресей?

Ресейлік проксилер Молдовада әлі де ықпалды күш болып тұр

Malim Админ

  • 21.10.2024

Молдова тарихи электоралды процестен өтті. Оның «тарихи» дейтін сипатқа ие болуы – Молдова халқы өзінің стратегиялық бағытын айқындауда. Украина, Грузиямен бірге Еуропалық одаққа ресми шақырту алған Молдова жалпыхалықтық референдум өткізіп, дауыс санап жатыр.


Қазірге дейін 98 пайыз бюлетень саналып біткен. Аралық есеп бойынша: Электораттың 50,28 пайызы еуроинтеграцияны қолдап дауыс берсе, 49,72 пайызы ЕО-ға мүше болуға қарсы дауыс берген.

Ресейлік проксилер Молдовада әлі де ықпалды күш болып тұр! Бұл ақырғы нәтиже емес. Және жақтаушылар мен қарсы позиция арасы тым алшақ емес. Бұл ресми есептеулер аяқталған соң, Молдова ішінде дүрбелең тууына себеп болмақ. Себебі, Гүржістанның ішкі ісіне қол сұғып, Молдованы қаққа жарып, Украинаны қан қақсатқан Мәскеу билігі Молдовадағы орысшыл проксилерге арқа сүйеп, ойына келгенді істеуде.

Сор болған шор

Әуелі Молдовада Ресеймен тығыз байланыстағы «Шор» дейтін партия бар. Және сол «Шордың» лидері Илан Шор жетекшілік ететін, «Победа» дейтін оппозициялық блог бар. Оның өкілдері Ресейге қатынап, Кремльдегі дәу-дөкейлерден кеңестер алып, Мәскеудің нұсқауымен әрекет етеді.

Приднестровье дейтін сепаратистік аумақ

465 мыңнан аса тұрғыны бар Приднестровье 1990 жылдың 2 қыркүйегінде Молдовадан бөлінетіндігін мәлімдеді. Приднестровье Молдова Республикасы Ресей армиясының генерал-лейтенанты Александр Лебедтің арқасында 1992 жылы Молдова КСР құрамынан шықты. Қазір бұнда 215 мыңға жуық Ресей азаматы тұрып жатыр.

Ресейшіл ғағауыздар

 «Ғағауыз жері» атанған тағы бір өңірі бар. Тарихқа көз салсақ, ғағауыздар Молдованың оңтүстігінде орын алған. 1946-47 жылғы аштықта қынадай қырылса да, Сібірдің айдауында болып, не бір азап көрсе де, араға 50 жыл салып, нағыз Ресейшіл аймаққа айналып шыға келді. Оның да қазіргі башканы (басшысы) Евгения Гуцул Ресейге жиі барғыштап, Путинмен кезек-кезек кезігіп, суретке түскіш. Сонысы үшін Кишиневтен сөгіс естіп, қудалау көруде. Мәскеуге ынта-шындасымен берілген адамның бірі осы Гуцул. Осылайша, Ресей Молдованы Еуропаға бермеудің бар амалын іске қосып жатыр...

Нұргелді ӘБДІҒАНИ, журналист, сарапшы   

Фото: point.md

Байланысты жаналықтар

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

02.04.2025

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

02.04.2025

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

01.04.2025

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

28.03.2025

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған ресейліктер саны 87 мыңға жетті

28.03.2025
MalimBlocks
Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

Украина мәліметінше, Ресей жағында 600-ден астам Қазақстан азаматы соғысып жүр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл деректердің дәлдігін растаған жоқ

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының ресейлік компанияға сатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған ресейліктер саны 87 мыңға жетті