Нұргелді Әбдіғани: Әлем жаппай қарулануда, бізге де керек!

Арман Қайыпхан

  • 03.09.2024

Ресейдің НАТО-ны «1997 жылдың шекарасына шегінуге» мәжбүрлеу әрекеті әскери-саяси қопарылысқа әкеп соқтырды, деп хабарлайды Malim.kz журналист Нұргелді Әбдіғанидің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұл арада әңгіме – Солтүстік Атлант альянсының бұрын-соңды болмаған тұтастығы мен оның скандинавиялық екі елмен толығыуында емес, тіпті Украинадағы соғыс туралы да емес. Қауіпсіздік үшін тәуекелдердің күрт өсуі – Батысты көпжылдық милитаризациялауға талпынтып, қайта қаруландыру процесінің арбасына жекті. Бұл жерде Батыстың жаппай қарулануынан Ресейге бес тиындық пайда жоқ екені бесенеден белгілі, - дейді ол.

Оның айтуынша, АҚШ пен Еуроодақтың 8 жетекші қорғаныс корпорациясы 2023 жылдың аяғында 750 млрд долларға тапсырыс орындапты. Яғни, осынша соманың қару-жарақ, техникасын шығарған. Биыл осы сомаға тағы 10,5 млрд қосылған. 

Ал әскери-өндіріс саласындағы жекелеген компаниялар да қарқындарына қарқын қосуда. 

«Lockheed Martin» дейтін корпорация «Patriot» ПВО кешендерінің өндірісін 2027 жылға дейін 30 пайызға арттырмақ. Демек, сұраныс бар! Тапсырыс көбейген! Ал дүркін-дүркін дүрсілдететін атақты «HIMARS-қа» арналған снарядтар өндірісі 2025 жылға дейін 3 есеге көбеймек. Бұған да сұраныс артқан. Британиялық «BAE Systems» дейтін корпорация 155-миллиметрлік гаубицаларды шығаруды 8 есеге көбейтіп жатыр. Демек, бұлар да сұрыныстың артуына қарай амалдауда, - дейді журналист. 

Осыған қоса Жапония Қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны ұлғайтып, 53 млрд долларға жеткізуді қолға алды. Бұл Жапония үшін соғыстан кейінгі кезеңдегі ең ірі сома.

Сондай-ақ НАТО-ның 32 мүшесінің 23-і Қорғаныс бюджетін ЖІӨ-нің 2 пайызына жеткізген екен. 

Жалпы НАТО-ның қорғаныс бюджеті 400 млрд доларға жуықтайды дейді бір деректерде. АҚШ-тың әскери бюджеті биыл 886 млрд долларға жеткен екен. Германия бастаған НАТО елдерінің әскери бюджеті ЖІӨ-нің 2 пайызына жуықтаса, Польша ЖІӨ-нің 4,2 пайызын осы салаға бөлмек, - деп жазады ол.

Әлемде әскери бюджетке көп қаржы бөлетін – АҚШ. Одан кейін тізімде Қытай тұр. Бұл елде 300 млрд долларға жуық қаражат осы салаға жұмсалады екен. Әскери салаға көп ақша жұмсайтындардың алғашқы бестігіне Ресей, Үндістан мен Сауд Арабиясы кіреді. 

Әскери бюджетті арттырғандар тізімінде: Украина, Польша, Дания, Румыния, Финляндия, Канада, Түркия т.б. бар. Созылыңқы қақтығыстарды бастан өткеріп жатқан Демократиялық Конго, Алжир дегендер де әскери бюджеттерінеселеп арттыруда. Түркия тіпті, әскери өндірісті міндетті пән ретінде ЖОО-ларда оқытуды қолға алмақ.

Әскери өндіріс саласындағы компаниялар туралы сөз еттік. Міне, солар қазір ХХІ ғасыр армиясының бейнесі пайда болуда! Дәл қазір әлем жұрты аласапыран күйді бастан кешіруде. Жаһанды қақтығыстар өрті шарпып, әлемдік геосаяси ахуал күрделене түсуде. Былтырғы жылғы есеп бойынша әлемде 180-нен астам қақтығыс ошақтары тіркелген. Сәйкесінше, әлем елдері ылдым-жылдым қарулану үстінде. Яғни, милитаризм күшейді. Сол әлемнің ажырамас бір бөлігі – бізбіз. Демек, әлемдік тенденция бізді де айналып өтпесі анық! Демек, бізге де қарулану керек. Бұл анық! - дейді Нұргелді Әбдіғани.

Фото: ©AP Photo/Martin Meissner

Байланысты жаналықтар

Иран Израильге ескерту жасады: Біз соғысты қаламаймыз, бірақ бұдан да жойқын соққы бере аламыз

02.10.2024

Израиль алғаш рет Бейрутқа соққы берді. Төрт қолбасшы қаза тапты

30.09.2024

Иран «Хезболлаға» неге болыспайды?

25.09.2024

Ресей Украинаны жоя алмады. НАТО бұрынғыдан күшей түсті

25.09.2024

Таяу Шығыс қанға бөкті: Израиль Ливанға оқ жаудырып жатыр

24.09.2024

Байден мен Зеленский 26 қыркүйекте Ақ үйде кездеседі

20.09.2024
MalimBlocks
Иран Израильге ескерту жасады: Біз соғысты қаламаймыз, бірақ бұдан да жойқын соққы бере аламыз

Израиль қорғаныс армиясының өкілі Даниэль Хагари Тегеранның әрекеті ауыр зардаптарға әкелетінін айтып отыр

Израиль алғаш рет Бейрутқа соққы берді. Төрт қолбасшы қаза тапты

Вашингтон қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырып отыр

Иран «Хезболлаға» неге болыспайды?

Иранның қазіргі ұстанымы осыдан екі ай бұрынғы ұстанымынан өзгеше

Ресей Украинаны жоя алмады. НАТО бұрынғыдан күшей түсті

Ақырғы екі-үш күннен бері БҰҰ-да әлем басшылары бас қосуда. Сондағы айтылған бір сыпыра пікірлерге ықшамды шолу:

Таяу Шығыс қанға бөкті: Израиль Ливанға оқ жаудырып жатыр

492 адам қаза тауып, 1645 адам жарақат алған

Байден мен Зеленский 26 қыркүйекте Ақ үйде кездеседі

Президенттер Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы пікірлеседі