Қырғызстандағы сел тасқынында қазақстандық екі бала көз жұмды

Тағы екеуі іздестіріліп жатыр

Мәди Саматұлы

  • 30.06.2024

Қырғызстанда болған сел тасқынынан қаза тапқан туристер арасында қазақстандықтар бар. Қазірдің өзінде кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қырғызстанда 28 маусымда болған нөсер жауын-шашыннан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны өткен. Соның салдарынан тұрғындар мен туристер зардап шеккен.

Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша, қаза тапқандар арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазірдің өзінде екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. СІМ мәлімдеуінше, қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиғаны Сыртқы істер министрлігі ерекше бақылауға алған.

Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылаған.

Қазіргі сәтте Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тасқыннан қаза тапқандар саны 8 адамға жеткен. 

Фото: turmush.kg

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді