Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Сириядан тікұшақтары мен техникаларын әкетіп жатқаны айтылды

Әлем
Ресей Сириядан тікұшақтары мен техникаларын әкетіп жатқаны айтылды

Спутниктік суреттерге қарағанда Сирияның Хмеймимдегі Ресей авиабазасында ауыр жүк тасымалдайтын ұшақтардың көпшілігі, соның ішінде Ан-124, байқалған. BBC жазуынша, техника мен тікұшақтардың демонтажы Ресей күштерінің бөлшектеп шығарылып жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сайт жазуынша, дегенмен, Ресей толықтай кетпейді деп болжанып отыр.

Бұл ақпаратты Reuters агенттігі де хабарлаған. Онда да Ресей Сириядағы әскери күштерін ішінара шығарып жатқаны, бірақ негізгі базаларын қалдыратыны айтылады.

Сирияның жаңа билігінің өкілдері бұл шараны азамат соғыс тоқтаған майдан шептеріндегі әскерді қайта орналастыру және соңғы жағдайларға бейімделу деп сипаттаған.

Сонымен қатар, Ресей Сириядан Башар Асад билігі кезеңіндегі жоғары лауазымды сириялық офицерлерді де алып кетіп жатыр. Бұл әрекеттер Ресейдің Сириядағы ықпалын қайта қарастыруы мүмкін деген болжамдар туғызған.

Фото: Reuters

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу