Синагога мен шіркеуге оқ ату: Дағыстанда үш күндік қаралы күн жарияланды

Бұған дейін Дербенттегі синагога мен шіркеуге белгісіз біреулер оқ атқан, сонымен қатар Махачкалада жол полициясы бекетіне шабуыл жасағаны хабарланған болатын.

Берік Дәулетов

  • 24.06.2024

Дағыстан басшысы Сергей Меликов 24, 25 және 26 маусым күндері елде қаралы күн деп жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінің Telegram-каналы хабарлайды.

24, 25 және 26 маусым Дағыстанда қаралы күн деп жарияланды. Тиісті жарлыққа жаңа ғана Сергей Меликов қол қойды.Аза тұту күндері республиканың барлық аумағында мемлекеттік тулар жартылай ілінеді, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Дағыстанда орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық, ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын тоқтатады.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкіметке қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Бұған дейін Дербенттегі синагога мен шіркеуге белгісіз біреулер оқ атқан, сонымен қатар Махачкалада жол полициясы бекетіне шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан Республикасы бойынша Тергеу басқармасы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205 ("Террористік акт") 1-бап бойынша қылмыстық іс қозғады

Кейін Махачкала мен Дербентке жасалған қарулы шабуылдың салдарынан алты полицейдің қаза тапқаны белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 15-тен астам полиция қызметкері, сондай-ақ бірнеше бейбіт тұрғын, соның ішінде Орыс православие шіркеуінің діни қызметкері лаңкестік әрекеттердің құрбаны болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Дағыстандағы лаңкестік әрекеттерге байланысты көңіл айтты.

Фото: әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

Украина мен оның одақтастары Ресейден оқ атуды тоқтатуды талап етті

10.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Әкім орынбасары, кәсіпкер: шабуылға ұшыраған Берденов туралы не белгілі?

23.04.2025

Руслан Берденов есін жиған соң жұмысқа бару керегін айтқан

23.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025

Көкшетау епархиясын украиналық викарий басқарады

21.03.2025
MalimBlocks
Украина мен оның одақтастары Ресейден оқ атуды тоқтатуды талап етті

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Әкім орынбасары, кәсіпкер: шабуылға ұшыраған Берденов туралы не белгілі?

Толығырақ Malim.kz материалында. 

Руслан Берденов есін жиған соң жұмысқа бару керегін айтқан

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

Көкшетау епархиясын украиналық викарий басқарады

Бұл туралы Мәскеуде өткен Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилдің төрағалығымен Ресей Православ Шіркеуінің Қасиетті Синодының кезекті отырысында мәлім болды