Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Арман Қайыпхан

  • 31.03.2025

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері – Эмомали Рахмон, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев үш елдің мемлекеттік шекаралары түйісетін нүктеге қатысты келісімге қол қойды. Рәсім Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысының әкімшілік орталығы Худжанд қаласында өткен кездесуде өтті, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан президентінің сайтында жарияланған мәлімдемеде бұл құжаттың өңірлік тұрақтылық пен орнықты дамуға қызмет ететіні, сондай-ақ Орталық Азияның халықаралық беделін арттыруға ықпал ететіні атап өтілген. Құжатқа сәйкес, үш ел шекараларының түйіскен жерінде "Достық" стеласы орнатылды.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, саммит барысында президенттер "Худжанд мәңгілік достық декларациясына" да қол қойған.

Айта кетейік, КСРО ыдырағаннан кейін, 1991 жылы Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы 972 шақырымдық шекараның шамамен 70 учаскесі даулы аймақ ретінде қалды. Бұл жағдай екі елдің шекара маңындағы тұрғындары мен шекарашылары арасында қақтығыстардың жиілеуіне алып келді, кей жағдайларда адам шығыны да болды.

Ең ірі қақтығыстардың бірі 2022 жылдың 14-19 қыркүйегі аралығында Баткен облысында орын алды. Әскери қақтығыс кезінде 100-ден астам адам қаза тауып, тараптар бір-бірін айыптады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үш елдің шекара түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойылатынын бұған дейін хабарлаған болатын. 13 наурызда ол Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бірге екі ел арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойған.

"Коммерсант" газетінің хабарлауынша, жаңа үшжақты келісім Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара мәселесінің 23 жылға созылған келіссөздерден кейін шешілгенін нақтылаған.

Фото: president.uz

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты