Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады

Сұлу Бөлек

  • 24.03.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social парақшасында жариялады. АҚШ басшысы штат губернаторы Джаред Полис Капитолий ғимаратына ілген портрет президенттің бейнесін әдейі бұрмалап, мазақ еткенін айтты. 

«Ешкім өзіне ұнамайтын портретті немесе суретті көргісі келмейді, бірақ Колорадо штатындағы Мемлекеттік палатаның ғимаратында барлық президент портреттерімен қатар, губернатор орнатқан менің портретім бұрын-соңды көрмегенімдей шектен тыс бұрмаланған. Суретші Обаманың портретін де салған, ол тамаша шыққан, бірақ менікі шын мәнінде ең нашар. Ол жасы ұлғайған сайын талантын жоғалтып жатқан секілді. Әрине, мұндай сурет болмағанынан дұрыс болар еді, бірақ Колорадо тұрғындары маған телефон шалуға, хат жазуға дейін барып, реніш білдіріп жатыр. Тіпті ашуланып отыр! Мен олардың атынан қылмысқа қатысты әлсіздігімен, әсіресе «Tren de Aragua» қылмыстық ұйымының Аурараны дерлік бақылауына алғанында, қатты сынға алынған радикалды солшыл губернатор Джаред Полистен бұл портретті алып тастауды талап етемін. Джаред ұялуы керек!», – деп жазды Дональд Трамп.

Бұл картинаны суретші Сара Бордман салып, 2019 жылдың тамыз айында Колорадо штатының Капитолийіне ілген. Жақында Трампқа тағы бір портретті Ресей президенті Владимир Путин сыйға тартты.

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды