Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Арман Қайыпхан

  • 16.04.2025

Украина Жоғарғы Радасы елдегі жалпы әскери жағдай мен жаппай мобилизацияны тағы 3 айға ұзартты, деп хабарлайды Malim.kz.

16 сәуір күні өткен отырыста депутаттар президент Владимир Зеленскийдің тиісті жарлықтарын мақұлдады. Бұл туралы «Голос» партиясының депутаты Ярослав Железняк Telegram парақшасында хабарлады.

Оның мәліметінше, әскери жағдайды ұзартуға 357 депутат, ал мобилизацияны ұзартуға 346 депутат дауыс берген.

«Европейская солидарность» партиясының депутаты Алексей Гончаренко – бұл бастамаға қарсы дауыс берген жалғыз депутат. Ол бұл шешімін алдын ала жариялап, әскери жағдай мен мобилизацияны ұзартуға қарсы болу себебін биліктің демобилизация жүргізбеуімен және әскери қызметкерлердің ротация мерзімін нақтыламауымен түсіндірді.

Ресейдің Украинаға кең ауқымды басып кіруі 2022 жылдың 24 ақпанында басталғаннан бері әскери жағдай мен мобилизация режимі Украинада 15-рет ұзартылып отыр. Енді бұл режимдер кем дегенде биылғы 6 тамызға дейін күшінде болады.

Фото: Kostiantyn Liberov/AP/dpa/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Таразда депутат соққыға жығылды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты