Облыстық прокуратураның мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны алаяқтар ұрлаған ақшаны аударуда делдал болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Әйел OLX сайтындағы «онлайн-төлем операторына қосымша жұмыс» деген хабарландыруға жауап берген. Алайда іс жүзінде оның банк шоты азаматтардан ұрланған қаражатты заңдастыру үшін пайдаланылған.
Ведомствоның хабарлауынша, қыркүйек айынан бері күдіктінің картасына 2 миллион теңгеден астам қаржы түскен. Оның 5%-ын әйел «комиссия» ретінде өзіне алып отырған, қалғаны қылмыскерлердің шоттарына аударылған.
Прокуратура мұндай схеманы алаяқтар кеңінен қолданатынын атап өтті: олар ұрланған ақшаны қолма-қол алуға дайын адамдардың шоттарын іздейді. Енді заң дропперлерге де, олардың қызметін ұйымдастырушыларға да қатаң жауапкершілік қарастырады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап дропперлік үшін жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізілді.