freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы хантавирус қаупіне дайын ба: мамандар жауап берді

Қоғам
Алматы хантавирус қаупіне дайын ба: мамандар жауап берді
pixabay.com

Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері хантавирустың әкеліну қаупіне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Отарбекова атап өтті. Оның сөзінше, хантавирус жаңа індет емес және медицинада бұрыннан белгілі.

«Алматыға немесе өзге өңірлерге инфекцияның сырттан келу қаупі әрдайым бар. Сондықтан әуежай мен шекара бекеттерінде профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіледі. Барлық әуежайларда вирустық инфекцияларды ерте анықтауға арналған термореттегіш құрылғылар орнатылған. Бұл инфекцияны дер кезінде анықтап, таралуының алдын алуға мүмкіндік береді», - деді маман.

Жайдаркүл Отарбекованың айтуынша, жұмыстар кешенді жоспарға сәйкес атқарылады. Инфекция анықталған жағдайда індет ошағының таралуын сол жерде тоқтатуға мүмкіндік бар.

Қалада жұқпалы аурулар ауруханасы, арнайы оқшаулау орындары және шұғыл әрекет ететін инфекционист дәрігерлер бар. Ерекше қауіпті инфекцияларға қатысты шақырту түскен жағдайда барлық қызметтер дереу іске қосылып, науқастар оқшауланып, жұқпалы аурулар стационарында емделеді.

Маман хантавирусқа қарсы вакцина әзірге жасалмағанын да атады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу