Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда 10 жастағы баланың іш киіміне қол салған ер адам ұсталды

Қоғам
Алматыда 10 жастағы баланың іш киіміне қол салған ер адам ұсталды

Алматыда 45 жастағы ер адам 10 жастағы баланы пәтеріне кіргізіп, тиіспек болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірақ бала пәтерден жүгіріп шығады. Бейнебақылау камераларына бұл түсіп қалған, баланың анасы осы видеоны желіге жүктеп, қоғамдық резонанс тудыруды сұрайды. 

Әйелдің айтуынша, баланы зорламақ болған күдікті бірден ұсталған, десе де полиция қызметкері одан арыз жазбауды өтінген көрінеді. Содан кейін ер адамды келесі күні босатып жіберген. Бір топ тұрғын үйдің алдына шығып, бұған қарсы шықты. Олар полиция бөлімшесіне бет алып, мәселені шешуді талап еткен еді. Осыдан соң ер адам қайтадан қамауға алыныпты. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті қамауға алынды, іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, – деп мәлімдеді ведомство баспасөз қызметі.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу