Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілуде

Оқиға
Алматыда үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілуде

Алматының Алатау ауданында орналасқан Данченко көшесіндегі үш қабатты ғимараттан ірі өрт шықты.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндіру бөлімшелері өрттің қарқыны жоғары екенін хабарлады.

Өрт сөндірушілер оқиғаға жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмылдырылып, өртті сөндіру үшін барлық қажетті шараны қолға алды. Қатты түтін мен жоғары температура жұмысты қиындатқан. Сонымен қатар алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткенше көлік кептелісіне тап болған, бұл өрт сөндіру жұмыстарына кедергі келтірген.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

— Оқиға орнында арнайы өрт сөндіру штабы құрылып, өртті сөндіруге бірнеше су оқпандары тартылды. Су үздіксіз беріліп, өртті оқшаулау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Ғимараттан төрт газ баллоны, екі оттегі баллоны, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станциясынан үш автокөлік эвакуацияланды.

Фото: ТЖМ 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу