Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда жолды жөндеуге 20 млрд теңге жұмсалады

Сұқбат
Алматыда жолды жөндеуге 20 млрд теңге жұмсалады

Әкімдік 15 магистралдық көшеге жөндеу жұмыстарын тамыздың аяғына дейін аяқтайтындарын айтты.

Аудандық көшелерде қазан айына дейін жүргізіледі. Жалпы ұзындығы 156 км асатын аудандық маңызы бар 215 көше жөнделеді. Негізгі басымдылық Теректі, Қарасу, Алғабас, Әлмерек сияқты шағын аудандарға берілген,-  делінген Алматы қаласы әкімдігінің берген ақпаратында.

Әкімдіктің мәліметінше, жол жиегіндегі бордюрлерді ауыстыруға қаржы жұмсалмайды.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында алынып, қажетті деңгейге қойылып, сол орнына қайта орнатылады. Ол жол салу кезінде бордюр мен асфальт арасында су, ылғал, қар кіріп, асфальт жабынын көтеріп жіберетін саңылау қалмауы үшін жасалады. Бордюрлерге бөлек қаражат қарастырылмаған, тек орташа жөндеу жұмыстары аясында қажет бөліктері ғана ауыстырылады. Барлық 230 көшенің бойындағы бордюрлердің тек қайта пайдалануға жарамсыздары ғана ауыстырылады, оның үлесі 3%-дан аспайды,- дейді Алматы қаласы әкімдігі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу