freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы ірі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

Қоғам
Алматыдағы ірі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады
Фото: BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдиева

Бүгін Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Процесс тараптардың жарыссөзінен басталды, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Прокурор Әлібек Күмісбеков жол апатына кінәлі күдікті Александр Пакты 10 жылға соттауды сұрады. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 337-бабын басшылыққа ала отырып, соттан Александр Олегович Пакты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұраймын. Оған қауіпсіздігі ең төменгі мекемеде жазасын өтей отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын және көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындауды сұраймын, - деді прокурор.

Еске салайық, бұған дейінгі сот процесінде тағы бір жәбірленуші пайда болды. Ол жол апатында қаза тапқан Томиристің әкесі. Судья оны жәбірленуші деп тану туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. 

Ол күдікті Пакқа кешірім бермейтінін мәлімдеген еді. 

Айта кетейік, қайғылы оқиға биыл 21 наурызға қараған түні болды. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу