freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Америкалықтар Трамптың кіші ұлын Ирандағы соғысқа жіберуді талап етті

Әлем
Америкалықтар Трамптың кіші ұлын Ирандағы соғысқа жіберуді талап етті
AP Photo / Evan Vucci

Мыңдаған америкалық Дональд Трамптың кіші ұлы Бэрронды Иранға жіберу үшін әскерге шақыруды талап етті. Бұл туралы немістің Bild таблоиды дәл осындай атаудағы петиция жарияланған сайтқа сілтеме жасап жазды.

«Әлеуметтік желілерде АҚШ президентінің әрекеттеріне және оның Иранға тіпті құрлық әскерін жіберу жоспарына қатысты қолдаумен қатар ашу-ыза да күшейіп жатыр. #SendBarron хэштегімен мыңдаған адам Трамптың кіші ұлы Бэрронды әскерге шақыруды талап етуде», — делінген материалда.

Петиция жарияланған сайтта мысқылмен АҚШ-тың күші оны Трамп сияқты көшбасшылар қорғауға дайын болған кезде ғана мықты болады деп жазылған. Сондықтан оның ұлы әкесінен үлгі алып, Иранға өзі баруы керек делінеді.
«Қызмет ету — бұл абырой. Күш мұрагерлікпен беріледі. Құдай сені жарылқасын, Бэррон», — деп жазылған петиция сипаттамасында.

БАҚ мәліметінше, Бэррон Трампты Иранға жіберуді талап ететін қозғалыстың негізін қалаушы — «Оңтүстік парк» сериалының бұрынғы сценаристі Тоби Мортон.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран Ислам Республикасы аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға, соққы жасай бастады. Қалалар қирап, бейбіт тұрғындардың қаза тапты.

Ислам республикасы жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базаларына соққы беріп жатыр.

Аятолла Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің әскери операциясының алғашқы күні — 28 ақпанда қаза тапты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу