freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин: Әли Хаменейдің өлтірілуі - моральдық нормаларды бұзу

Әлем
Путин: Әли Хаменейдің өлтірілуі - моральдық нормаларды бұзу
Михаил Метцель /POOL/РИА Новости

Путин Әли Хаменейдің өлтірілуін «моральдық нормаларды бұзу» деп атады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресей президенті Иран президенті Масуд Пезешкианға жеделхат жолдап, Аятолланың және оның отбасы мүшелерінің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мәлімдемеде бұл қылмыс «адамзаттық мораль мен халықаралық құқықтың барлық нормаларын циникалық түрде бұза отырып жасалғаны» айтылған.

Кремль басшысы Хаменейді Ресейде «Ресей-Иран достық қарым-қатынастарының дамуына зор жеке үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде» еске алатынын қосты.

Бұған дейін Иранның Fars агенттігі Хаменеймен бірге оның қызы, күйеу баласы және немересі, сондай-ақ келіндерінің бірі қаза тапқанын хабарлаған еді. 2022 жылдан бері Иран Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті соғысына белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу