Бұл туралы Malim.kz тілшісі The Washington Post басылымына сүйеніп хабарлайды.
Мақалада, Қазақстанның, оның ішінде – президент Тоқаевтың Ибраһим келісімдеріне байланысты қадамына "назар аударатын жайт" деген баға берілген. Бұл саяси әрекетті басылым – Қасым-Жомарт Тоқаевтың әбден ойластырған стратегиялық қадамы деп есептейді.
Автор, Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасы онсыз да жақсы болса да, неліктен дәл қазір осы қадамға барды деген сауал қояды. Оның айтуынша, мұндай сұрақ көптің көңілінде туындаған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы сапарындағы біршама әрекеттерін түйіндей отырып, автор Қазақстан президентінің бұл әрекетін Мәскеу мен Бейжіңнен тәуелсіз саясат жүргізуі деп бағалайды. Бұл орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ Үйде өзіне қажет жақсы көзқарас қалыптастыра алды деп қорытындылайды автор.
Есіңізге сала кетсек, қараша айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары болған еді.