Африкада «Вагнер» жасағының сарбаздары шығынға ұшырап, тұтқынға түсті

 «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрамындағы болған бұрынғы жалдамалы жендеттерден тұратын ресейлік "Африка корпусы" Мали-Алжир шекарасында ондаған жауынгерлерінен айырылды. Құмды дауыл кезінде ресейлік және Мали әскерлерінің колоннасы тәуелсіз Азавад мемлекетін құруды жақтайтын туарегтер ұйымдастырған қоршауда қалған.

  • 29.07.2024

27-28 шілдеге қараған түні Малидің солтүстігінде ресейлік жалдамалы әскерге шабуыл жасалған. Елдің Алжир шекарасына жақын жерде белсенді қимылдар қайта басталған. Ресейдің соғысты қолдайтын Z-арналары 20 шілдеден бастап соңғы 12 жылда елдің солтүстік бөлігін бақылап отырған және 2012 жылы өзін жеке мемлекет ретінде жариялаған исламдық Туарег сепаратистерінің жойылуы мүмкін екені туралы болжамдар жариялады.

Алғашқы кезде Мали әскерінің операциясы "Вагнер" жалдамалы әскери компаниясының қалған сарбаздардан құралған ресейлік "Африка корпусымен" бірге ел билігінің мәлімдемесі бойынша алға жылжи бастады. Бір апта бұрын олар Алжир шекарасындағы аумақтағы ауылды бақылауға алған.

Алайда 25-нен 26-шы шілдеге қараған түні ресейлік жалдамалы әскер Алжир аумағындағы Тин-Сауатин қаласына келген. Олармен тығыз байланыстағы телеграм арналарының жазуынша, әскерилер Мали-Алжир шекарасынан екі шақырым жерге тоқтаған. Сол уақытта құмды дауыл тұрып, әскердің алға жылжуына тосқауыл болды. Жергілікті көтерілісшілер табиғи жағдайды пайдаланып, «Вагнер» құрамында болған жендеттерді тұтқындады. Ресей үшін өздерінің жалдамалы әскері өте шалғай аумақтағы операцияларда, (Украинамен соғыс кезінде болған шығындар есептелмейді) оның ішінде, Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясындағы Хашам шайқасынан бері мұндай шығын болмаған. 2018 жылдың ақпанында вагнерліктер америкалық тікұшақтардың соққысына ұшыраған болатын.

Ресейлік дереккөздің мәліметінше, Мали-Алжир шекарасындағы шайқаста 20-50 аралығында ресейлік әскер қаза тапқан болуы мүмкін. Бұрын "Вагнер" ЖӘК құрамында болған ресейлік азамат ВВС-дің орыс қызметіне айтуынша, кемінде 82 жалдамалы әскери қаза тапқан. Малиде орналасқан ВВС-дің дерек көзі байланысқа түсуді тоқтатқан.

Ал оның анасының "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұм болғаны туралы хабарлама жарияланған. Бұрынғы жалдамалы жендеттің туыстарының әлеуметтік желідегі жеке чаттарында екі күн бойы Африка еліндегі адам шығындары белсенді талқыланған. Қазірдің өзінде қаза тапқандардың арасында «Grey Zone» Telegram арнасының әкімшісі Никита бары айтылды. Ол "ақ" қоңырау белгісімен танымал. Федяниннің қайтыс болғаны туралы ТАСС агенттігінің дереккөзі хабарлады.

Евгений Пригожиннің тірі кезінде ол "Вагнер" ЖӘК туралы жазатын ең танымал арналардың бірі болған. Оған 500 мыңнан астам оқырман жазылған еді. Сондай-ақ, әртүрлі Z-арналарда "Вагнер" ЖӘК-тің ең танымал командирлерінің бірі Антон Елизаровтың тұтқынға түскендердің қатарында болуы мүмкін екені айтылып отыр. Алайда оған қатысты нақты дерек белгісіз.

Ресейдің әскери жалдамалы күштерінің жеңілісі туралы мәліметтерді расталды. "Сенбіде біздің күштер жау колонналарының біржола жеңді", - деді CSP-DPA сепаратистік топтар альянсының өкілі Мохамед Эльмаулуд Рамазан AFP-ге берген мәліметінде. Оның айтуынша, "көптеген техника мен қару-жарақ тәркіленген", сонымен қатар, тұтқынға түскендер де аз емес.

Алыс майдан

"Вагнер" ЖӘК жалдамалы әскері Малиде 2021 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруіне бірнеше ай қалғанда пайда болған еді.  Бұл уақытта олардың Судан, Ливия және Мозамбик аумағында болған тәжрибесі жеткілікті еді. Ол «сапарларын» сәтті деп айту қиын. Сонымен қатар, Орталық Африка Республикасында олар президент Фостен-Арканж Туадерге көтерілісшілердің наразылығын басуға және оның екінші президенттік мерзімге қайта сайлануына көмектесті.  

2021 жылдың мамырында Малиде мемлекеттік төңкеріс болды. Соның негізінде полковник Ассими Гоита билікке келді. Ол әлі де уақытша президент. Себебі, елде сайлау өткізілмеген. 

Гоита билікке келгеннен кейін көп ұзамай Франция президенті Эммануэль Макрон осы елдегі "Бархан" операциясының аяқталғанын мәлімдеді. Оған дейін мұнда француз әскері бұрынғы президент Ибрахим Кейта Туарегке сепаратистермен күресуіне септескен еді. Жалпы алғанда, Малиді 5 мыңнан астам француз әскери қызметшілерін тастап шықты. Олардың орнына полковник Гоита "Вагнер" жалдамалыларын шақырған.  

Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін Мәскеу Африка майданына айтарлықтай көңіл бөлмегенімен, аймақ елдерінде Евгений Пригожиннің жалдамалы әскері қызметін жалғастыра берген еді.  

2023 жылдың тамызында Евгений Пригожин қайтыс болғаннан кейін ресейлік жалдамалылар орналасқан елдерге Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-бек Евкуров арнайы барған.  

Ол сол жолы "Африка корпусын" құрып, Сирия, Ливия, Мали және Буркина-Фасода болған бұрынғы орыстың жалдамалы әскерлері келісімшарттарға қайта қол қойған еді.  

2023 жылдың қыркүйегінде Евкуровтың қатысуымен Сахелдің мемлекетаралық әскери Альянсы құрылды. Оның құрамына Буркина-Фасо, Мали және Нигер елдері енді. Ал 2023 жылдың қарашасында Ресей билігі Малидегі әріптестерін елдің солтүстігіндегі Кидал қаласының бақылауға алынуымен ресми түрде құттықтады. Операция ресейлік әскери мамандардың араласуымен және бақылауымен жүргізілген болатын.  Туарегтік сепаратистердің Ресейдің әскери колоннасына сәтті шабуылына қатысты Африкадағы "Вагнер" ЖӘК қызметін зерттеуші америкалық Джон Лечнер пікір білдірді. Ол: «Біз Пригожин жасағы "Африка корпусының" ресми құрылымы ретінде өзгерді деп айта алмаймыз" деп талдау жасады.  

Оның пікірінше, Ресейдің әскери басшылары өздеріне бейтаныс аумақта қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін түсінеді. Сондықтан, мұндай сәтсіздікті Ресейдің Қорғаныс министрлігінің емес, іс жүзінде жойылған "Вагнер" ЖӘК сәтсіздігіне сілтей салатынын атады.

Фото: Grey Zone телеграм арнасы

BBC материалы негізінде әзірленді

Байланысты жаналықтар

Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

21.11.2024

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

19.11.2024

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

15.11.2024

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

14.11.2024

Жайыққа тасталған бойжеткеннің мәйіті бір айдан бері табылмай жатыр

14.11.2024

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

12.11.2024
MalimBlocks
Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

Арчаковты Украина қарулы күштерімен және Украина жағында соғысып жатқан шешен батальонымен байланысы бар деп, ұзақ мерзімге соттауы мүмкін

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

Қазір ресейліктер 66 мың 932 шаршы шақырым жерді бақылауда ұстап отыр

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

Жайыққа тасталған бойжеткеннің мәйіті бір айдан бері табылмай жатыр

Екі ер адам қызды өлтіріп, өзенге ағызып жіберген

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті