Ақтөбе облысында оқ-дәрі сақтайтын ірі қойманы салуға қанша ақша керек?

Қазақстанда оқ-дәрілерді сақтауға арналған екі ірі база мен 80 қойма салынады.

  • 07.10.2021

Қазақстанда оқ-дәрілерді сақтауға арналған екі ірі база мен 80 қойма салынады. Бұл жайлы үкімет басшысы Асқар Маминның депутаттарға берген жауабында айтылған деп хабарлайды Malim.kz

Екі ірі базаны Қарағанды облысының Орта Дересін ауылында және Ақтөбе облысының Жем қаласында орналастырмақ.

Ақтөбелік нысанның құрылысы 2023 жылға дейін, ал қарағандылық 2024 жылға дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Жем қаласындағы база республикалық бюджеттен бөлінетін ақшаға салынады. Құрылысқа шамамен 19 миллиард теңге қажет.

Орта Дересін ауылындағы нысанның құрылысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелді. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылады.

Бұл маңызды ақпарат. Мамандардың айтуынша, Арыс қаласында және Жамбыл облысында орын алған жарылыстар Қазақстанда орналасқан әскери қоймалардың тозғанын, оларды жаңарту керектігін дәлелді.     

Аделаида Ауеспекова

Байланысты жаналықтар

Жамбылдағы жарылыста қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

01.09.2021
MalimBlocks
Жамбылдағы жарылыста қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі