Президент сөзі: Төртінші онжылдықта не күтіп тұр?

Malim Админ

  • 15.12.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялағанын айта келіп, төртінші онжылдықта не күтіп тұрғанын айтып өтті.

Сонымен төртінші онжылдыққа қатысты президент не айтты?

–Алдағы төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр. Елімізді ілгері дамытып, әрбір азаматтың лайықты тұрмысын қамтамасыз етуіміз керек. Оны жүзеге асырудың басты жолы – тиімді басқару жүйесі. Жолдауымда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне баса мән бергенімді білесіздер. Осыған орай, көптеген нақты шаралар  атқарылуда. Жалпы, жаңғырудың жан-жақты болғаны жөн. Бүкіл халқымыз заман ағымына ілесе білуге тиіс.  Өзгерістерге бейімделе алатын жұрт қана уақыт тынысын дөп басады. Біз білімді әрі білікті, ұқыпты және жауапты, іскер де еңбекқор жұрт болуымыз қажет. Бұл – Ұлы Абай айтқандай, «толық адамның» айқын көрінісі. Оған қоса, әркімнің жеке қасиеті мен мақсаты елдік мүддемен тығыз астасып, патриотизмге ұласуы керек. Сонда ғана мемлекетшілдік идеясы басты құндылыққа айналады.

–Біз экономикасы мықты, әлеуметтік теңдігі бар, даму құндылықтарын жоғары қоятын ашық қоғам орнатамыз. Бұл межеге бірізділік реформа мен сапалы өзгеру арқылы жетеміз. Осы саясат жалғаса береді. Және бұл саясатқа кері жол да, өзге жол да жоқ.

Президент сөзінің толық мәтіні мына сілтемеде. 

 

Байланысты жаналықтар

Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

19.04.2025

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

18.04.2025

Доллар бағамы тағы өсті

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

03.04.2025
MalimBlocks
Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

Бірінші кредиттік бюро 2024 жылы қазақстандық фильмдердің прокатынан еліміздегі кинотеатрлар қанша табыс тапқанын жариялады

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

Бұл туралы заңгер түсіндірді

Доллар бағамы тағы өсті

Қазақстанда доллар қайтадан қымбаттап жатыр

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді