Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің мереке күндеріндегі қауіпсіздікке дайындығын тексерді

Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген жұмыс режиміне көшуде

Malim Админ

  • 09.12.2024

Вице-премьер қабылданып жатқан шаралар туралы жауапты министрліктер мен өңір әкімдіктерінің есептерін тыңдады.

Желтоқсанда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Төтенше жағдайлар министрлігі алғашқы аптаның ішінде елді мекендердегі 2,5 мыңнан астам үйді қамтитын профилактикалық рейдтер өткізді. Пештер мен электр жүйелері тексеріледі. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелері түсіндіріледі. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 670 мобилді топ құрылып, пиротехниканы сақтау және тарату орындары бойынша 78 рейдтік іс-шара өткізілді. Рұқсат етілмеген сауда үшін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елге пиротехникалық өнімдерді заңсыз әкелу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген жұмыс режиміне көшуде.

«Ойын-сауық және адамдар көп жиналатын орындарды алдын ала тексеру қажет. Өрт сөндіру құралдарынсыз бұқаралық іс-шаралар өткізуге рұқсат бермеу қажет. Адамдарды шұғыл эвакуациялау бойынша қызметкерлермен оқу-жаттығуларын өткізу керек. Сауда және ойын-сауық орталықтары, театрлар мен спорт кешендерінің паркингтеріне газ жабдықтары бар автокөліктердің кіруіне жол бермеуге ерекше назар аудару қажет. Біз төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауымыз керек», - деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер Оқу-ағарту министрлігіне мен өңір әкімдіктеріне қысқы демалыс және жаңа жылдық мерекелер кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын лайықты ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен хабардар етуі керек.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Енді SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді

07.05.2025

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

05.05.2025

Кашмирде қауіпсіздікке байланысты туризм нысандары жабылды

29.04.2025

Су тасқыны қаупі. Ақмола облысында 80 шақырым жол жабылды

06.04.2025

Трамптың қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі үкіметтік хат алмасу үшін Gmail поштасын пайдаланған

02.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Енді SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

Кашмирде қауіпсіздікке байланысты туризм нысандары жабылды

Су тасқыны қаупі. Ақмола облысында 80 шақырым жол жабылды

Трамптың қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі үкіметтік хат алмасу үшін Gmail поштасын пайдаланған