Қазақстан хоккейшілері жарап тұр

Malim Админ

  • 24.05.2021

Қазақстан хоккейшілері дүниежүзілік жарысқа аттанған кезде көңілде күдік болғаны анық. Өйткені соңғы жылдары табыстан сырт жүрдік. Тіпті тегіс сырттан келген ойыншыларға сенім артқан кезде де. Спортшыны қоя беріңіз. Бапкерді де өзге елден алдырдық қой. Биыл отандық маман Юрий Михайлис кезек алды. Рас, Юрий де «Барыс» жейдесін киген біраз жігіттерді шақырды. Команда сапында негізінен сол команданың ойыншылары жүр ғой. Біраз дегенде, Даррен Диц дегендерді меңзеген едік. Михайлис өз ұлы Никита секілді өз елімізде шыңдалған өрендерді ұлттық құрамаға шақырды. Тіпті Никита Боярковқа негізгі құрамнан орын беруі де бір ерлік. Өзгелер көзге ілмеп еді. Іштей ширығып жүрген Боярков не істеді дейсіз бе? Бірінші матчта, айдын иелеріне қарсы ойында да Айды аспанға шығарды. Қайтарған шайбасы бір төбе, буллит кезінде де әбжілдік танытып, Қазақстанның Латвияны жеңуіне елеулі үлес қосты. Ал әлем қазіргі әлем чемпиондары – Финлядниямен өткен кездесуде ерлік жасады десек шындықтан алыс кетпейміз. Елу соққыны қайтару оңай шаруа ма? Қақпаға ену мүмкіндігі зор болған 50 шайбаның жолын тосты. Өз қақпасын 50 голдан сақтап қалды. Матчтан кейін сөз алған ойынның тағы бір қаһарманы Никита Михайлис былай депті: «Бүгін Никита Бояркин жарады! Жігіт! Бірінші кезеңде қақпаны кеудесімен ұстап тұрды десек те болады. Үзілістен кейін де үздік шықты. Тіпті біз гол жібергеннен кейін де жасыған жоқ. Шындық, бірнеше голдың жолын кесті. Оның ойын өрнегі бізді жігерлендірді. Қарымта шайба соға алмасақ қапыда қалатын едік».

- Никита, – деді әлем чемпионатында  жүрген тілшілердің бірі, –  айтшы, Қазақстан біріншіліктегі ең маңызды жеңісіне қол жеткізді ғой, иә?

- Толық келісуден бас тартамын. Маңызды шығар, бірақ ең маңызды деуге әлі ерте. Үмітіміз мол. Плей-оффқа шықсақ несі айып?

- Енді әлем чемпиондарын күнде жеңіп жүрген жоқсыздар ғой...

- Бізге соншалықты бір қысым жасалды деп айта алмаймын. Тыңғылықты дайындық көрдік. Бапкер ақылын тыңдадық. Олардың ойын өрнегіне мән бердік. Талқыладық. Қысқасы, матчқа дайын болдық.

- Ойында соғылған жалғыз голға қатысты сұрайық. Неге өзіңіз соққы жасамай, Кирилл Панюковқа пас беруді ұйғардыңыз?

- Қисыны солай келді. Кириллді көрдім. Сосын пас ұсындым. Олар бір ойынышы кем болса да, сауатты қорғанады. Соны да ескердім. Кирилл жақсы ашылды. Көрдім. Көрген соң, шайбаны солай қарай сырғыта салдым.

     Ойынға тағы соғармыз. Ойыннан кейінгі көріністі де айта кетейік. Бас бапкер Юрий Михайлис киім ауыстыратын бөлмеге кірген бетте «Жігіт екенсіңдер! Бәрің де жарайсың! Тапсырманы тегіс әрі толық орындадыңыздар. Енді шыр айналып тұра қалайық. Дәстүрден аттамайық. Ал, Кирилл айналайын, өзің баста», – деді. Дөңгелене  қалған әріптестерін алға жетелеу міндеті өзіне артылғанын сезген Кирилл ұран тастады. «Алға, Қазақстан!» Өзгелері іліп әкетті. Артынша бас бапкердің де пікірі естілді.

- Сенім ойынға дейін пайда болды. Жігіттер күн бұрын Латвияның осал тұсын тапты. Матч кезінде екі рет ұтылып жатсақ та. Жұдырықтай жұмылдық. Бір мақсатқа бағындық. Жауапкершілікті сезіндік. Бәрі жұп-жұмыр өтті деп айта алмаймын. Кедір-бұдырды да көп көрдік. Олар әлем чемпиондары ғой. Дегенмен өз шәкірттерімнің мұзда сырғанауы, қорғанысқа мән бергені сенім ұялатты. Сол сенім ойын барысында бізден кеткен жоқ. Ұтылып жатқан кезде де. Рас, тізгін фин хоккейшілерінің қолында болды. Толассыз шабуылдады. Буллит оң жамбасымызға келді.

- Екі ойында да буллиттен жеңдіңіздер. Екі матчта та Никита Бояркин алып шықты. Оны енді «Барысқа» шақыратын шығарсыз?

- Алдымен әлем біріншілігін абыроймен аяқтап, елге есен-аман жетіп алайық. Сосын сөйлесеміз. Айтпақшы, қақпашылардың бапкері Александр Шимин қазір қайғылы жағдайға байланысты үйіне кетті. Бірақ телефонмен тілдесіп отыр. Оның пікірімен санасамыз. Қалай айтады, кімді ойынға шығар дейді, солай істейміз.

- Ендігі меже қандай?

- Келесі ойын. АҚШ өте жақсы өнер көрсетуде. Бірақ Даррен Диц айтты емес пе, «мұрыннан қан кеткенше ойнаймыз» деп. Енді солай болады.

А.Сейітхан

Байланысты жаналықтар

Растет тревога. Казахстанцы изменили мнение о войне в Украине

17.05.2023

Ойын бизнесін реттеу: Қазақстанда көзқарасты өзгертетін уақыт келді

21.04.2023

Қазақ ғалымдары не зерттеп жүр? Сутегі болашақтағы энергия көзі!

10.04.2023

 «Отбасы банк» жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстырды

28.03.2023

Что казахстанцы думают о релокантах, выяснили исследователи

27.03.2023

Ақпараттық доктрина және заманға сай медиа қалыптастыру

20.03.2023
MalimBlocks
Растет тревога. Казахстанцы изменили мнение о войне в Украине

В начале мая этого года Бюро экспресс-мониторинга общественного мнения DEMOSCOPE совместно с исследовательским центром PaperLab провели очередной опрос граждан на тему «Отношение казахстанцев к войне в Украине».

Ойын бизнесін реттеу: Қазақстанда көзқарасты өзгертетін уақыт келді

Посткеңестік және Еуропа мемлекеттерінде ойын бизнесі заңмен қалай реттелген? Еуропа елдері букмекерлер жұмысына қалай қарайды? Бұл салада қандай заңдарды қабылдаған? Елордада өткен ойын бизнесін реттеу жөніндегі халықаралық конференцияда осы мәселелер талқыға салынды.

Қазақ ғалымдары не зерттеп жүр? Сутегі болашақтағы энергия көзі!

12-сәуір ғылым қызметкерлерінің күні. Осы датаға орай, АҚШ-тың атақты білім ордаларында 20 жылдай білім алып, жастарға білім берген, бүгінгі күнде президент басшылығындағы ғылыми кеңестің мүшесі, Назарбаев университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры Нұршат Нураже ні аз-кем әңгімеге тартқан едік.

 «Отбасы банк» жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстырды

Енді «Отбасы банктен» несие алу үшін салынатын алғашқы жарна 30 пайызға дейін төмендетіледі. Бұған дейін салымшы депозитке  «50/50» бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаның елу пайызын салатын.

Что казахстанцы думают о релокантах, выяснили исследователи

Международный центр журналистики MediaNet опубликовал результаты опроса о восприятии казахстанцами российской миграции на фоне войны с Украиной. Во время исследования участников попросили ответить о положительных и отрицательных сторонах миграции – возможностях и рисках.

Ақпараттық доктрина және заманға сай медиа қалыптастыру