Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

  • 23.09.2021

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке жемқорлыққа барғаны дәлелденіп, айыппұл салынғанына міне, 41 күн өтті. Ал осы жылдың басында орынбасары тергеуге ұсталған кезде яғни, мамыр айында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мұсайбековтің кінәсі егер сотта дәлелденетін болса, отставкаға кететін күллі елдің алдында мәлімдеген.

Ақтоты Райымқұлова отставкаға өтініш беруі керек деп нақты айтуға болады.  Судья Динасыл Жанатқызы шығарған айыптау үкімінде  Мұсайбеков 2021 жылдың 18-21 ақпаны аралығында ауыр жемқорлық қылмысқа барғаны айтылады.  Министрдің орынбасары бола тұра, ол «Exirius» жекеменшік компаниясының директоры Заңғар Медеуовтен 6,2 миллион тенге алып, тендерді бизнесменнің пайдасына шешіп беруге уәде берген. Алайда, бұл тендер бойынша Мұсайбеков емес, Мәдениет және спорт министрінің басқа орынбасары Ғабидулла Абдрахимов жауапты еді. Яғни, Мұсайбеков Медеуовке жалған үміт берген.  Ақша Мұсайбектовтің сенімді адамы арқылы берілген. Аталған қаражаттың 4 миллионын вице-министр Hermes сөмкесін сатып алуға да аямайды, әрі қарай Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып кетпекші болған.  Сот кезінді Мұсайбеков өз кінәсін толық мойындады. Судья Динасыл Жанатқызы бұрыңғы вице-министрді алаяқ деп танып, 62 миллион теңге айыппұл салды. 

Міне, содан бері қырық бір күн өтті. Сот шешіміне қарсылық білдіретін С. Мұсайбеков жоқ. Өйткені, ол 15 мың доллар пара алғанын тергеу кезінде-ақ мойындап, прокурормен келісімге келіп қойған.

Біздегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталса, оның басшысы отставкаға кетуі тиіс. Мәдениетті Ақтоты Райымқұлова мамыр айында осы заңға бағынатынын айтқан.

Бірақ, сот шешімі шығып қойғаннан бергі 41 күнге созылған үнсіздігіне қарағанда президентке отставкаға кету өтінішін жазатын ойы жоқ сияқты.

Жалпы, отставкаға өтініш жазу деген қызметінен дереу айырылып қалады деген сөз емес. Президент ол өтінішті қабылдамай, кері қайтарып тастай алады.

Яғни, Ақтоқты Райымқұлованың мәнсабы жардың қиыр шетінде де тұрған жоқ. Нұротандық депутат Ерлан Саировтың сөзімен айтқанда «Демократия дегеніміз норма, процедура, этика және мораль!» ғой.

Мәденит министрі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға құрметін білдіріп, отставкаға өтінішін президенттің алдына тастай салса, мәдениеті биік адамның норма, процедура, этика және моральді сақтағаны болмай ма?

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: атып тастаса да мейлі...

16.06.2023

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

01.01.2022

Мұсайбековке айыппұл салынды. Райымқұлова отставкаға кете ме?

12.08.2021

Министр Райымқұлова – ойыншық

20.05.2021

Туризмнің дамуына барлық жағдай жасалған

15.05.2021

Министр: Сәрсеновадан ақша алғам жоқ

14.05.2021
MalimBlocks
Арыстанбек Мұхамедиұлы: атып тастаса да мейлі...

Бүгін бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «соңғы сөзін» айтты.

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

Есімі елге кеңінен белгілі, өнерін халық іздеп жүріп көретін актер Бекжан Тұрыс Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке өте орынды ұсыныс жасап отыр

Мұсайбековке айыппұл салынды. Райымқұлова отставкаға кете ме?

Министр Райымқұлова – ойыншық

Туризмнің дамуына барлық жағдай жасалған

Мәдениетпен қоса спорт пен туризмді қатар басқаратын министрліктің ел игілігіне жасар қызметі шаш етектен

Министр: Сәрсеновадан ақша алғам жоқ