Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Шекара қызметін қайта құрмақ

Аналитика
Тоқаев Шекара қызметін қайта құрмақ

ҰҚК Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрық жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қайта құруы мүмкін.

Құжат Ашық электронды үкімет сайтында 17 наурызға дейін көпшілік талқылау үшін жарияланды. Құжатта мына мәселелер нақты жазылған.

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
  2. Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелері осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
  3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелері осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҰҚК Шекара қызметі – Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғайтын, күзететін арнайы қызмет. Республика шекарасын бұзатын, оның бүтіндігіне қауіп төндіретін әрекеттерді бақылайды. ҰҚК құрамына кіреді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу