Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әнші Наркенже Серікбаева Түркістан филармониясында көрген қорлығы жайлы айтты

Қоғам
Әнші Наркенже Серікбаева Түркістан филармониясында көрген қорлығы жайлы айтты

Бірнеше республикалық және халықаралық әнші-термешілер байқауының лауреаты, белгілі әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясында басынан өткен қысым мен қорлық туралы ашық мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, филармония басшылығы оны түрлі сылтаумен өнер сахнасынан шеттетуге тырысқан. Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында филармониядағы әділетсіздіктер мен жеке басына көрсетілген қысым жайлы жанайқайын жеткізді.

Менде шындық көп... Ашындырып, мені осындай жағдайға жеткізді. Филармония басшысы Ғ. мырза маған қаншама қысым көрсетіп, «киімің жоқ» деген сылтаумен концерттен шеттетті. Ұят та болса айтайын, «менің алдыма отыр, мен сені иіскеуім керек» деген сыңайдағы әңгімелердің бәрінен өтіп келемін. Құрметті әкім мырза, осыны қолға алыңызшы. Жалғыз мен емес, қазақтың қаншама қызы сондай басшылардың қол астында кетіп жатыр, — деді Наркенже Серікбаева.

Әншінің айтуынша, бұл жағдай филармонияға жаңа басшылық келгеннен кейін басталған. Бұған дейін мұндай қорлық көрмегенін айтқан ол енді шындық үшін соңына дейін күресетінін жеткізді.

Бұл екі кісі басшы болып келмей тұрып, мұндай әділетсіздік көрген емеспін! Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын. Шындықты айтқаным үшін, махаббат құрмағаным үшін көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті, — деп жазды ол.

Қазіргі таңда бұл мәлімдеме қоғамда қызу талқыланып жатыр. Өнер иесіне қолдау білдірушілер де аз емес. Ал филармония басшылығы бұл мәселеге байланысты әзірге ресми пікір білдірмеді.

Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу