Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

APEC көшбасшылары еркін сауда жүйесін сақтауға келісті

Саясат
APEC көшбасшылары еркін сауда жүйесін сақтауға келісті

Перу астанасы Лима қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының (APEC) жетекшілері бас қосқан форумда еркін сауда жүйесін сақтауға және нығайтуға келісті. Бұл туралы The Japan News жазды.

«Біз еркін, ашық, әділ, бөлектеусіз, транспарентті, инклюзивті және болжамды сауда мен инвестициялық ортаның маңыздылығын мойындаймыз және табанды жұмыс істеуді жалғастырамыз», – деді APEC-тің 21 мүшесінің көшбасшылары соңында қабылданған қарарда. Лимада осы үйекте тұратын 21 елдің басшылары бас қосып, екі күндік саммит өткізген.

APEC басшылары сондай-ақ: «Біз ережелерге негізделген көпжақты сауда жүйесін қолдайтынымызды растаймыз», – деді.

Жапония премьер-министрі Шигеру Ишиба ұйымдағы әріптестеріне Мәскеу мен Пхеньян арасындағы әскери ынтымақтастықтың артқанына, соның ішінде Солтүстік Корея өз әскерін соғысқа кіру үшін Ресейге жіберуіне қатты алаңдайтынын айтты.

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) – Тынық мұхиты жағалауындағы 21 елдің халықаралық ұйымы, ол әлемдік экономиканың 60%-ын құрайды және өңірлік экономикалық, ынтымақтастық, сауда және инвестицияларды бөліседі.

Фото: The Japan News

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу