freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ақбаян ауруханаға түсіп, комада жатып қалған": Атырауда жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Қоғам
"Ақбаян ауруханаға түсіп, комада жатып қалған": Атырауда жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Атырау облысында бірнеше ай бойы хабарсыз кеткен отбасының ісі қоғам назарынан түскен жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл оқиғаға байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасқан.

Шалқардың айтуынша, 2025 жылдың қыс айларында Наурыз көбіне Атырауда болып, қарындасы Ақбаянға көмектескен.

"2025 жылдың қысқы уақытында Наурыз көбінесе Атырауда болды. Қарындасы Ақбаянға қарайласып жүрді. Ақбаян жүктілік кезінде қолқасына салқын тиіп, ауруханаға түсіп қалған. Содан кейін комада, реанимацияда жатып, денсаулығына ауыр болып, әлсіреп, ақыл-есінен жоғалатындай жағдайға жетіп қалды. Соны қарайласып, жұмысқа да шықпай, Ақбаянға қарайласып жүрді. Күйеуі Сұлтан жұмыс істейтін", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Еске салайық, қаңтар айының басында ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық ғимаратынан шамамен бір метр тереңдіктен табылған. Ал олардың балалары – Мейрамгүл Мұқанғалиева мен Наурыз Мұқанғалиев әлі күнге дейін табылмай отыр. Іздестіру шаралары жалғасқанымен, әзірге нақты нәтиже жоқ.

Тергеу нұсқасына сәйкес, оқиға алдында белгісіз адам ұлдарының атынан «ата-анамды Ташкентке емдетуге апарамын» деген желеумен отбасының ұсақ малын сата бастаған. Алайда жақындары күмәнданып, ірі қараны сатуға жол бермеген.

Сондай-ақ тергеу барысында кенже қыз Ақбаян Мұқанғалиева мен оның күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиевтің Шымкентке ұшып, кейін Өзбекстан шекарасынан өткені анықталған. Кей ақпараттарға қарағанда, олар бұл елде де тұрақтамаған.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға халықаралық іздеу жарияланған. Күйеу бала негізгі күдікті ретінде қарастырылып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу