Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында шопан жоғалып кетті

Қоғам
Ақмола облысында шопан жоғалып кетті

Ақмола облысында полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер хабар-ошарсыз, жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен шопанды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 57 жастағы Дәулетбай Кәкеш таяуда ғана шалғайдағы Жарқайың ауданында жұмыс істеп жүрген. Бір апта бұрын ол кенет жоғалып кетті. Ер адамның жұмысқа орналасқанына да көп бола қоймаған.

22 мамырда ферма жұмысшылары шопанды таппай қалған. Алдымен олар шопанды өздері іздеп, төрт күннен кейін шаруашылық басшысы полицияға көмек сұрап жүгінген. Қазіргі уақытта шамамен 50 адам шопанды іздеу жұмыстарына қатысып жатыр.

Атап айтқанда, полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері және еріктілер.

Арыз алғаннан кейін полиция қызметкерлері ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырып, жедел-іздестіру шараларына арнайы моторлы қайықтар бөлініп, дрон көмегімен әуеден іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді облыстық Полиция департаментінің жетекші маманы Әлия Біләлова. 

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу