freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс қайта күшейді

Әлем
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс қайта күшейді
Фото: Xinhua/dpa/picture alliance

Қолданыстағы бітімге қарамастан, АҚШ пен Иран 6 маусымға қараған түні Парсы шығанағы өңірінде бір-бірінің нысандарына қайтадан соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

АҚШ тарапының мәліметінше, АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның АҚШ-тың одақтастары саналатын Кувейт пен Бахрейнге қарай ұшырған алты баллистикалық зымыранын әуеде жойған. Тағы бір зымыран нысанаға жетпеген.

Бұған дейін америкалық әскери күштер Ормуз бұғазы маңында Иранның төрт әскери дронын тойтарған. Осыдан кейін олар Иранның Кешм аралындағы және Горук елді мекеніндегі радиолокациялық нысандарына соққы жасаған.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) АҚШ соққыларына жауап ретінде өңірдегі қарсылас базаларына шабуыл жасағанын растады.

Ал Вашингтон өз әрекеттерін қорғаныс шарасы деп бағалады. АҚШ мәліметінше, ұсталған дрондар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына қауіп төндірген, ал Кешм мен Горуктағы нысандарға жасалған соққылар «алдағы шабуылдардың алдын алу мақсатында» жүзеге асырылған.

Сонымен қатар америкалық әскери күштер Иранның Бахрейндегі АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Таяу Шығыстағы штаб-пәтеріне зақым келтірілді деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Тараптардың келтірген деректерін тәуелсіз түрде тексеру әзірге мүмкін емес.

Иран бұған дейін де Кувейт пен Парсы шығанағындағы басқа мемлекеттерді бірнеше рет атқылаған. Бұл елдерде Иран шекарасынан бірнеше жүз шақырым қашықтықта АҚШ әскери базалары орналасқан

3 маусым күні дрон Кувейт халықаралық әуежайына соққы жасап, салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, ондаған адам жараланған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу