Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тың Йемендегі мұнай портына жасаған соққысынан 74 адам мерт болды

Әлем
АҚШ-тың Йемендегі мұнай портына жасаған соққысынан 74 адам мерт болды

АҚШ әскери әуе күштерінің Эль-Ходейда провинциясындағы Рас-Иса мұнай портына жасаған әуе соққысынан қаза тапқандар саны 74 адамға жетті.

Бұл туралы хуситтік «Ансар Аллах» қозғалысы басқаратын үкіметтің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Министрлік мәліметінше, шабуылдан 171 адам жарақат алған. Қазір төтенше қызмет өкілдері мен азаматтық қорғаныс бригадалары із-түзсіз кеткендер мен зардап шеккендерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

АҚШ шабуылы 18 сәуір күні кешке Қызыл теңіз жағалауындағы маңызды мұнай терминалдарының бірі – Рас-Иса портына бағытталған еді. Бұл шабуыл хуситтер мен АҚШ арасындағы шиеленістің күшеюімен тұспа-тұс келіп отыр.

Еске салайық, бұған дейін бұл шабуылдан 38 адамның қаза тауып, 102 адамның жараланғаны туралы жаздық.

Фото:   AP Photo

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу