АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайына «наркотерроризм» бойынша айып тақты, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди мәлімдеді. Оның айтуынша, олар жақын арада Нью-Йорк сотының алдында жауап береді.
Айта кетейік, бүгін АҚШ Венесуэланың астанасына соққы жасаған.
Сонымен қатар Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелінің ұсталғанын хабарлады.