Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда 13 жастағы ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Оқиға
Ақтауда 13 жастағы ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: istockphoto.com

Ақтауда жасөспірім ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам қолға түсті. Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Оны полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасалғаны туралы арыз 4 қарашада түскен.

«Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлімі (Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция органдары қажетті тергеу және процессуалдық іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыруда.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, арыздағы деректер тексерілуде, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Полиция мәліметі бойынша, қыз баланың жасы – 13, күдіктінің жасы – 29.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу