Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтаудағы сарбаз өліміне қатысты взвод командирі тергеліп жатыр

Құқық
Ақтаудағы сарбаз өліміне қатысты взвод командирі тергеліп жатыр

Бас әскери прокуратура Ақтаудағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасап, қазір күдіктіге қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы 07 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, ол қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі), деп жазылған Бас әскери прокуратура мәлімдемесінде. 

Мәлімдемеге қарағанда, тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстап, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алған. 

Қазір қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайы анықталу үстінде. 

Іс бойынша процестік прокурор тағайындалған.

Мұның алдында Ақтауда офицер сарбазды атып өлтіргені туралы жазған едік. 

Фото: teren.in.ua

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу