Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтаудағы спортшы қызға зорлық көрсеткен 5 жігітке сот қайта үкім кесті

Оқиға
Ақтаудағы спортшы қызға зорлық көрсеткен 5 жігітке сот қайта үкім кесті

Ақтаудағы жас спортшы Алина Серікованың өліміне себеп болған қылмыстық іс бойынша сот үкімі қайта қаралды. Басты айыпталушы Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

29 жастағы фитнес-жаттықтырушы Алина Серікова бір топ ер адамның зорлық-зомбылығына ұшырап, есірткі қолдануға мәжбүр болған. Оқиғаға қатысты бірінші сот инстанциясы бес күдіктіні ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырғанымен, марқұмның отбасы үкімді әділетсіз деп тапты. Осыған байланысты 30 қаңтарда апелляциялық шағым түсіру мақсатында ондаған адам сот ғимаратының алдына жиналды.

31 қаңтарда шығарылған жаңа үкімге сәйкес, басты айыпталушы өмір бойына сотталды. Ал қалған төрт сотталушы – Еркебұлан Аманқос 16 жылға, Аралбай Мерей, Дархан Құлбас және Қуаныш Үсенғали 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, жәбірленушінің отбасына 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды.

Фото: жеке мұрағат

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу