Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

Оқиға
Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметте өткен брифингте Ақтау маңында болған ұшақ апатының тергеу шараларынан хабардар етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бозымбаевтың айтуынша, әуе апатын тергеу жұмыстары жалғасу үстінде.

IKAO стандарттарына сәйкес, бір айдың ішінде алдын ала есеп берілуі тиіс. Бұл жерде қылмыстық тергеу емес, авиациялық биліктердің әуе оқиғасын тергеуі жайлы сөз болып отыр. Комиссия жұмыс істеп жатыр, шамамен 17-18 адам. Бұл – Ресей, Әзірбайжан, Бразилия, ИКАО және басқа да елдерден келген сарапшылар. Олар материалдарға, қара жәшіктерді шифрлау жұмыстарына назар аударып отыр. Қара жәшіктер толық шифрланған. Енді ұшу параметрлері, режимдері, жермен аудиосөйлесулер және экипаж арасындағы әңгімелер біріктіріліп, белгілі бір қорытындылар жасалады, деді Қанат Бозымбаев.

Оның сөзінше, қазір Әділет министрлігінің сот сараптамасы тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Ал ондағы дауыстар шын мәнінде пилоттардың, экипаж мүшелерінің дауыстары екеніне туыстары көз жеткізуі керек. Бұл – үлкен халықаралық жұмыс, оның алдын ала есебі келесі аптада жарияланады деген үміт бар.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу