Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша жүргізіліп жатыр.
"Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерттеп жатыр. Толық әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне және кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында басқа ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.