freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана LRT-мен жүру құны белгілі болды

Оқиға
Астана LRT-мен жүру құны белгілі болды

Астанада LRT-мен жүру құны 200 теңге болады. Бұл туралы елордада ұйымдастырылған баспасөз туры барысында белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба аясында жолаушыларға жолақы төлеудің бірнеше түрі ұсынылмақ. Атап айтқанда, бет-әлпетті тану жүйесі (FacePay), көлік картасы, банк карталары, NFC, QR-код және бір реттік билет арқылы төлеуге мүмкіндік жасалған. LRT көлік картасының бағасы 1000 теңге деп белгіленді.

Сондай-ақ 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар мен заңнамаға сәйкес жеңілдік санатына жататын, Астанада тіркеліп, тұрақты тұратын азаматтар үшін жол жүру тегін болады.

Баспасөз туры кезінде журналистерге LRT пойыздары, станциялары және басқару орталығы таныстырылды. Жауапты мамандардың айтуынша, жеңіл рельсті көлікті іске қосу 16-17 мамырға жоспарланған.

Айта кетейік, LRT елордадағы қоғамдық көлік жүйесін жаңғыртуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болғалы отыр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу