Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана тұрғыны ер адамды темекі бермегені үшін пышақтады

Қоғам
Астана тұрғыны ер адамды темекі бермегені үшін пышақтады

Астанада темекі бермегені үшін жәбірленушіні пышақтаған азамат  9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақпаратта айтылғандай, оқиға түнгі клубта болған.

"Кінәлі мас күйінде жәбірленушіден темекі сұраған, бас тартқан соң, оның өмірлік маңызды органдарына пышақпен көптеген дене жарақатын салған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келді", — делінген хабарламада.

Жәбірленуші жедел медициналық көмектің арқасында аман қалған.

"Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді. Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды", — дейді елорда прокуратурасынан.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура кез келген жанжалдың салдары тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді.

Фото: ernur.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу