Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада балабақшаға қабылдау қашан басталады

Қоғам
Астанада балабақшаға қабылдау қашан басталады

Астана қаласында 4 маусымнан бастап жаңа 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда топтарға жоспарлы қабылдау басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды. 

Әкімдіктің мәліметінше, биыл балабақшаларда 28 826 орын ашу жоспарланған.

Атап айтсақ, бала жасына байланысты бос орындар тізбесін төмендегідей. 

- 1-2 жасқа – 147 орын;

- 2 - 3 жасқа – 8 397 орын;

- 3 - 4 жасқа – 8 253 орын;

- 4 - 5 жасқа – 6 645 орын;

- 5 - 6 жасқа – 5 350 орын;

- 6 - 7 жасқа – 34 орын.

Осы жылдың 2 мамырынан бастап барлық мемлекеттік балабақшаларда сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналарға кеңес беру орталықтары ұйымдастырылды.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу