Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада «Қайрат» матчы кезінде тәртіп бұзған шетелдіктер 5 күнге қамалды

Құқық
Астанада «Қайрат» матчы кезінде тәртіп бұзған шетелдіктер 5 күнге қамалды
fckairat.com

Астанада «Брюгге» жанкүйерлері «Кайрат» матчы кезінде «Борат» фильміндегі купальник киген әрекеті үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды malim.kz. 

Оқиға 20 қаңтар күні орын алды. Футболда жанкүйерлер трибунасында мас күйінде киімдерін шешіп, тек іш киімде қалған шетелдіктер көпшіліктің назарын өздеріне аударып айқайлаған. Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу деп танылып отыр. 

Сот мәліметінше, бельгиялық үш азамат кінәларын мойындап, әрекеттерін эмоцияға берілгендіктен екенін айтып түсіндірген. Қылмыс дерегі бейнежазбалармен расталды. 

Ұсақ бұзақылық әрекеті үшін 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау қарастырылған. Алайда Астана соты жанкүйерлерге 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу