Бүгін Астана қаласында «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді. Іс-шара сағат 12:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Онлайн-марафон аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар мен азаматтық белсенділер бір алаңда бас қосып, референдум тақырыбы бойынша пікір алмасады.
Қатысушылар ұсынылған өзгерістер мен бастамаларды талқылап, қоғам үшін маңызын саралайды.
Іс-шара тікелей эфирде «Жаңа Конституция» алаңында, сондай-ақ республикалық телеарналардың YouTube және Facebook платформаларында көрсетіледі.