freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада такси жүргізушісін балағаттап, қорқытқан азамат 10 тәулікке қамалды

Қоғам
Астанада такси жүргізушісін балағаттап, қорқытқан азамат 10 тәулікке қамалды
Фото: pixabay

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасаған азамат А.-ға әкімшілік қамақ тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотта анықталғандай, азамат такси қызметін пайдаланып, сапар аяқталғаннан кейін жүргізушіге балағат сөздер айтып, көліктен шығудан бас тартқан және оған қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан кейін полицияда тіркелген.

Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындады.

Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу