freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада терезеден құлаған бала көз жұмды

Қоғам
Астанада терезеден құлаған бала көз жұмды
Getty Images

Бүгін Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде алты жастағы бала балкон терезесінен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алты жастағы бала Н.Тілендиев даңғылы бойында орналасқан 13-қабатты үйдің биіктігінен құлаған көрінеді. 

«Оқиға кезінде отбасының ересек мүшелері ас үйде болған, ал бала бөлмеде қараусыз қалған. Ол балкон терезесі арқылы құлап, көз жұмды», - деді полиция өкілдері.

Астана ПД деректеріне сәйкес, жыл басынан бері елордада балалардың терезеден құлауына байланысты 7 жағдай тіркелген. Оның екеуі өліммен аяқталған. Көп жағдайда мұндай қайғылы оқиғалар ересектердің балалар қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан болады.

Полиция ата-аналарды балаларды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауға және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр. 

- үйде бала болса, терезені ашық қалдырмау;

- масаға қарсы торлар қауіпті – балалар оған сүйеніп, бірге құлап кетуі мүмкін;

- терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын (бекіткіштер, блокираторлар) орнату;

- жиһазды бала шығып кетпеуі үшін терезеден алыс орналастыру. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу