freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада TikTok-қа әдепсіз видео жүктеген шетелдікке айыппұл салынды

Қоғам
Астанада TikTok-қа әдепсіз видео жүктеген шетелдікке айыппұл салынды
Фото: видеодан кадр

Астанада TikTok әлеуметтік желісіне әдепсіз сөздер мен қоғамдық мораль нормаларын бұзатын сөз тіркестері бар бейнежазба жариялаған шетелдік азаматшаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция мәліметінше, құқық бұзушылық жасаған 25 жастағы шетелдік азаматша анықталған. Бейнежазба Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Триумфалды арка аумағында түсіріліп, кейін TikTok желісінде жарияланған.

«Ангелина Ванинаға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жинақталды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп нормаларын сақтап, әдепті мінез-құлық танытуға шақырды. Ведомство құқыққа қайшы немесе қорлайтын мазмұндағы контент жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу