Астана қалалық полиция департаменті Сарайшық көшесі, 7/1 мекенжайында төрт жасар баланың екінші қабат терезесінен құлап кеткенін растады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ведомство мәліметінше, бала алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады полиция өкілдері.